Жапонияның төменгі палатасы таратылды

ТОКИО. Шілденің 21-і. ҚазАқпарат - Жапонияның министрлер кабинеті Таро Асоның басшылығымен сейсенбі күні отырыс өткізіп, елдің төменгі палатасын тарату туралы шешім қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Отырыс бүгін таңертең премьер-министрдің резиденцииясында өтті. Жапония үкіметінің басшысы парламенттің төменгі палатасын тарату шешімі туралы ресми мәлімдеді. Тиісті құжатқа барлық кабинет мүшелері қол қойды.