ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде ұялы телефон аксессуарларының дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл бағытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде күдікті азамат ұсталды.
Оның тұрғылықты мекен жайын тінту барысында 3 «M26 PLUS» үлгісіндегі смарт сағаты, 2 «AіR Pods», 1 «Samsung» құлаққабы айғақ зат ретінде алынды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда тұрғынынан әскери қызметшілерге тиесілі қарулар табылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.