Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға сенбіден жексенбіге қараған түнде Тугулым елді мекенінде орын алған. Екі топқа бөлінген жастардың арасында қақтығыс болып, оның арты жаппай төбелеске ұласқан.
Алдан ала мәлімет бойынша, төбелес барысында қатысушылардың бірі қарсылас жаққа РГД-5 шабуыл гранатасын лақтырған. Жарылыс салдарынан 14 адам жарақат алды. Оның үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Осы оқиға бойынша «жалпыға қауіпті әдіспен екі және одан көп адамның өміріне қастандық жасау» және «жарылғыш заттардың заңсыз айналымы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.