Жарақат алған жұмысшы оқиға орында ажал құшты - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында, кеше металл құрылғылар зауытында жүк тиеу-түсіру жұмыстарын атқару барысында «Атаюрт» ЖШС-нің 36 жастағы жұмысшысы абайсызда шағын трактор доңғалағының астына түсіп кетті.

Жұмысшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Бұдан басқа, Алматы қаласының Алатау ауданында металл құрылғыларын тасымалдау барысында, «Ромтехмонтаж» АҚ-ның 26 жастағы жұмысшысының үстіне металл қалып құлап, ол оқиға орнында көз жұмды.