Жарақаттанған Astana Pro Team велошабандозы К.Зельдраерс Париж-Ницца көпкүндігін жалғастырмайтын болды

None
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Astana Pro Team велошабандозы Кевин Зельдраерс 1-ші кезеңнің соңына таман құлап, жарақат алуына байланысты Париж-Ницца көпкүндігін жалғастырмайтын болды.

Ауруханаға жеткізілген Кевиннің аяғы бірнеше жерден тігілді, деп хабарлады команданың ресми сайты

Ауруханадан оралған Зельдраерс: «Мен қатты құлаған болуым керек. Әйткені, сол жақ тіземнің бұлшық еті қатты жарақаттаныпты. Тіктіруге тура келді. Аяғымды қозғалтып, бүге аламын. Бірақ, ол маған өте ауыр тиеді. Егер велосипед ершігіне қайта отыратын болсам, тігістер қайта сөгіліп кетуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлермен келісіп, 8 күндей велосипедке отырмайтын болып шештік», - дейді.

Astana Pro Team спорттық директоры Дмитрий Фофонов Зельдраерстың жарысты тоқтатуы команда тактикасына, әсіресе таулы кезеңдерде қатты әсер ететіндігін айтып, өкінішін білдірді.

«Әрине, өкінішті. Кевиннің сол жақ тізесіндегі тігістер жарыс барысында сөгіліп, жарақатын қоздыру қаупі бар. Сондықтан аурухана дәрігерлері бірауыздан оның жарысты жалғастыруына қарсы болды. Олардың пікірімен команда дәрігері Ракель Ортолано да келісіп отыр. 8 күн велосипедке отыруға тиым жасадық. Бірақ Кевиннің көңіл-күйі көтеріңкі, алдағы жарыстарға үлкен сеніммен қарайды. Әрине, алдағы таулы кезеңдерде, әсіресе команда капитаны Фульсангқа оның көмегі ауадай қажет еді», - деді команданың спорттық директоры.