Бас жүлде иегерін көрермендер анықтады. Ол жасөспірімдердің өмірі арқау болған «Жаралы періште» фильмінің режиссері қазақстандық Эмир Байғазин болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«TransformNation Film Awards-тің бас жүлдесін Қазақстан, Франция және Германияның бірлесіп өндірген жобасы «Жаралы періште» фильмі алды, режиссері - Эмир Байғазин», - деп хабарлады сыйлықты ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ВФМС-2017 -нің креативті продюсері Илья Бачурин.
Сондай-ақ, режиссер Федор Бондарчук бастаған сарапшылар кеңесі Байғазинді «Өскелең ұрпақтың армандары мен мәселелеріне назар аударғаны үшін» аталымы бойынша атап өтті.