«Түсінесіздер ме, адам өз тәніне өзі үйренеді, өйткені, ол солай жаратылған және ол басқа тәннің қандай болатынын білмейді. Мен 7-8 жасыма дейін басқалалардан өзгешелеу екенімді білмегенмін де...Бірақ, бір де бір дәрігер не себепті осылай болғанын айта алған жоқ», - дейді Айжан шоу алдындағы сұхбатында.
Айжанның жасы 21-де, бойы - 1,21 м. «Шамам келген дүниелерді өзім жасаймын. Анам маған: «өте қырсықсың, айтқаныңнан қайтпайсың, бір мәселелерде өте қаттысың», - дейді. Бірақ, егер мен осындай өжет мінезді болмасам, мені таптап кетер еді...Адам арманына жетеді, тек, ерік-жігері мықты болу керек», - дейді Айжан.