Оқиға Балидің оңтүстік-шығысындағы Нуса-Лембонган аралында орын алды. Достарымен демалысқа келген 21 жастағы Мохамед Aслам бин Шахул аралдың тік жарында селфи жасамақ болған. Оны толқын соғып, тепе-теңдікті сақтай алмай қалған жігіт мұхитқа құлаған.
"Тепе-теңдікті ұстай алмай, аяғы тайып, мұхитқа құлады. Ол жүзу білмеді деген болжам бар", - деді жергілікті полиция өкілі.
Жігіттің мүрдесі бес метр тереңдіктен табылды. Оны госпитальге жеткізді, медицина қызметкерлері оның денесі жансыз екенін мәлімдеді.