«Жәрдем» пойызы Орал өңіріне ат басын бұрды
10:56, 10 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кешенді диагностикалық көмек көрсету, диагностикалық құрал-жабдықтарды, аппаратураларды пайдалана отырып, лабораториялық, қызметтік, құрал-саймандық әдістермен емделушілерді тексеру, міндетті медициналық тексеруден өткізу және басқа да дәрігерлік шараларды өткізу үшін еліміздің барлық облыстарын аралап жүрген «Жәрдем» пойызы Орал өңіріне ат басын бұрды.
Бұл туралы egemen.kz жазады.
Төрт емдеу-диагностикалық вагоннан тұратын пойыз-керуеннің құрамында терапевт, невропатолог, гинеколог, окулист, педиатр, лор, уролог, хирург, онколог, травматолог сияқты мамандар бар. Соңғы үлгідегі медициналық құрал-қондырғылармен жабдықталған пойыз бұған дейін өңіріміздің Семиглавый мар, Тасқала, Деркөл стансаларында болған. Күні бүгінге дейін дәрігерлер 600-ге жуық адамды тексерістен өткізіп үлгеріпті. Переметный ауылында екі күн аялдайтын пойыз одан әрі Белес, Алғабас, Шыңғырлау стансаларына соғып, Ақтөбеге, сосын Атырауға қарай жол тартпақ.