Бүгінде Гвинея, Сьерра-Леон және Либерия елдерінде аурудың 60 ошағы тіркелкен. Вирусқа қарсы вакцина жоқ, сондықтан дертке шалдыққан 10 адамның бірі ғана аман қалады екен. «Індетті тоқтату мүмкін емес болып отыр. Гвинея, Сьерра-Леон және Либерияда аурудың жаңа ошақтарының шығуы кеселдің өзге аумақтарға жайылу қаупін күшейтті», - деді дәрігер Барт Янссенс. Эбола безгегі 1976 жылы Заирда пайда болып, бірнеше дерттің тууына себеп болған. Сол кезде Заирда 280 адам, Суданда 151 адам қаза тапқан. Ауруды жұқтырғаннан кейін бірнеше сағат немесе 2-3 аптадай ол байқалмауы мүмкін. Әдетте дертке шалдыққандардың дене қызуы көтеріліп (40 градустан асады), басы қатты ауырады. Денесінде бөртпелер пайда болады. Кейін құсып, диареяға ұшырайды. Кейде ішкі қансырау басталуы мүмкін. 2014 жылдың ақпанынан Эбола безгегі қайта пайда болды. Ол өте тез тарап кетеді. Гвинеяның оңтүстігінде пайда болған кесел дереу елдің астанасына жетіп қалды. Кейін көршілес мемлекеттерге де тарап кетті. Індет салдарынан 337 адам көз жұмды. Ауруды жарғанаттар таратады. Адам оған жақындау немесе оның етін жеу арқылы дертті жұқтырады. Орталық Африкада оны тағам ретінде пайдаланады. Қазір Гвинеяның денсаулық сақтау министрлігі жарғанаттың етін пайдалануға тыйым салды. Індетті маймылдар да таратуы мүмкін. Сондай-ақ ол адамнан екінші адамға жұғуы мүмкін. Ол өлі жануарлардан да жұғады екен. 40 жылдың ішінде ғалымдар Эбола безгегіне қарсы тұратын еш дәрі ойлап таппаған.
12:32, 26 Маусым 2014
Жарғанаттың етіне жерік болғандар Африкада эбола безгегін өршітіп отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Африкада Эбола безгегі күннен күнге өршіп келеді, деп хабарлады Lenta.ru.