Ақмола облысындағы сенбілік барысында 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының Жарқайың ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды сенбілік өтіп, оған 400-ден астам тұрғын қатысты.

Фото: Жарқайың ауданының әкімдігі

Іс-шара Державинск қаласының орталық алаңында салтанатты түрде ашылды. Оған Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов, Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Милана Подрезова, мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар, еріктілер, кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары және аудан тұрғындары қатысты.

Фото: Жарқайың ауданының әкімдігі

Тазалық жұмыстары қалалық ипподром аумағында да ұйымдастырылды.

Фото: Жарқайың ауданының әкімдігі

Сенбілік қорытындысында 80 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

Фото: Жарқайың ауданының әкімдігі

Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Жыл басынан бері ауданда 76 сенбілік ұйымдастырылып, оған 2,7 мыңнан астам адам қатысты. Осы кезеңде 3 670 ағаш пен бұта отырғызылып, анықталған 7 заңсыз қоқыс орны толықтай жойылды.