Жаркент пен Кентау қалаларында ер адамдардың мүрделері табылды

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Жаркент қаласында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт орнынан егде жастағы ер адамның мәйіті табылған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында да өрт шыққан жеке үйден ер адамның мәйіті табылған (әзірге кім екені анықталған жоқ).