Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы оқиғаға қатысты бұзақылық және кісі өлтіруге оқталу бойынша қылмыстық істер қозғалды.
— Бұрыннан таныс ер адамдар арасында қақтығыс туындап, соның салдарынан олардың бірі атыс қаруын қолданғаны алдын ала анықталды. Оқ тиген 33 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылған, — деп мәлімдеді полиция.
Тергеу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға кезінде қолданылған болуы мүмкін қаруды тәркіледі. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қарудың мемлекеттік органдармен байланысты адамға тиесілі екендігі туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа бөлек түсініктеме берді.
— Қолданылған атыс қаруы мемлекеттік органдармен байланысты адамға тиесілі екендігі туралы ақпарат жалған, — деп мәлімдеді департамент.
Жетісу облыстық полиция департаменті сондай-ақ заң көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза белгіленгені туралы ескертті. Жағдайға және құқық бұзушылықтың сипатына байланысты мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке, соның ішінде жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соқтыруы мүмкін.
Тергеуді Жетісу облысы полиция департаментінің басшылығы бақылап отыр.
АҚШ-та атыс болып, тоғыз адам қаза тапты.
https://kaz.inform.kz/news/aksh-ta-atis-bolip-togiz-adam-kaza-tapti-cef1f01f/
Нұрлан Тұяқов