Жарқын болашақ» V республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мен KATEV Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тобында және өзге ұлт топтарында оқитын 7-11-сынып оқушылары арасында

«Жарқын болашақ» V республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасы сәуірдің 5 жұлдызында Астана қаласында орналасқан «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінің кешенінде, ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа» орталығында 6 сәуір күні өткізілді.

Бұл туралы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш сайыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оны дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылатын бұл олимпиадабиыл бесінші рет өткізіліп отыр. Олимпиадада оқушылардың қазақ халқының тілі, әдебиеті, салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті секілді ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуына және қабілетін ұштауға ықпал ету көзделген.

«Нұр Орда» қазақ-түрік лицейінің мәжіліс залында өткен олимпиаданың ашылу салтанатын КАТЕV халықаралық қорының вице-президенті Абдуррахман Сел мырза құттықтау сөзімен ашты.

Жалпы өткен жылдың қаңтарында басталған бұл «Жарқын болашақ» олимпиада аламаны аудандық, облыстық, республикалық (финал) болып үш кезеңнен тұрды. Оған еліміздің 14 облысы, Алматы мен Астана қаласынан 5000-нан астам оқушы қатысты. Онда білімді де өнерлі ұландарымыз бен аруларымыз 5 конкурс: «Тілші әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.

Әрбір бағыт бойынша олимпиаданың «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан 169 жеңімпазын және үздік командаларды ел азаматтары: ҚР Білім және ғылым вице-минстрі М.А.Әбенов, ҚР Мәжілісінің V шақырылым депутаты, Халықаралық істер комитетінің төрағасы М.С.Әшімбаев, ақын, халық жазушысы Ф.Оңғарсынова, «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының президенті А.М.Мехмет, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйенсі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С.А.Байсейітұлы, ҚР Сыртқы Істер вице-министрі Қ.Ш.Сарыбай, ҚР Мәжілісінің V шақырылым депутаты Е.Ө. Бектұрғанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә.М.Байменов құттықтау тілектерін айтып I,II,III орындармен «Қазмедиа» орталығында марапаттады. Сондай-ақ олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 11-сыныптың 16 оқушысына Сүлейман Демирел университетінің гранты табыс етілді.

Марапаттау рәсімін «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының президенті Мехмет Месут Ата мырза сөз сөйледі. «Бұл олимпиадаға қазақ балаларымен қоса өзге ұлт балаларының да қызығушылық танытып, бойларына қазақ тілінің байлығын сіңіріп, тілектес болулары ел бірлігі жолында жасалған құтты қадамдары деп білеміз», - деді ол. «KATEV» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастырып, еліміздің өркендеуіне үлестерін қосып жүрген түрік бауырларымызға рахмет айтқан, жастарымызды бірлікке, ұлтжандылыққа, мемлекетшілікке, тілімізге, дәстүрімізге, дінімізге деген сүйіспеншілігімізді арттыра түсетін осындай іс-шараларға қолдау көрсететін қоғамдық қорлардың көп болуына ниет білдірген пікірлер аз болмады.

Осылайша республикалық деңгейде өткізілген олимпиадада жастарымыз нағыз тіл жанашырлары екендігін көрсетіп, келесі жүлделі орындарға ие болды.

"Жас ғалымдар" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Тілеухан Жансерік (Талдықорған қаласы), Ахан Нұрғиса (Жамбыл облысы).

2-орын: Шідербаева Аяулым (Өскемен қаласы), Каким Сулужан (Семей қаласы).

3-орын: Қалым Айдана, Павлодар облысы, Балмағанбетова Диас, Жезқазған қаласы, Жеңіс Гүлжан, Ақмола облысы.

"Жас ғалымдар" бағыты (өзге ұлттар тобы)

1-орын: Изделюпов Виталий ( Тараз қаласы).

2-орын: Юсупова Минигул (Батыс Қазақстан облысы).

3-орын: Мамедов Мұхтар (Өскемен қаласы), Қасымова Шахида (Алматы қаласы).

"Жазушылар" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Айғали Нұржан Ертайұлы (Есік қаласы).

2-орын: Шоланова Салтана (Қостанай облысы), Қысатай Әлібек (Жамбыл облысы).

3-орын: Ораз Байыржан (Жезқазған қаласы), Темірова Гауһар (Алматы қаласы), Бесір Балауса (Алматы қаласы).

"Жазушылар" бағыты (өзге ұлттар тобы)

1-орын: Өзер Ясемин (Алматы қаласы).

2-орын: Байматова Наргиза (Жамбыл облысы).

3-орын: Купиева Карина (Солтүстік Қазақстан облысы), Нур Зульфия Нурқызы (Есік қаласы).

"Әнші-бұлбұлдар" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Урманов Алғыс (Жезқазған қаласы).

2-орын: Байдукенова Рухия (Талдықорған қаласы), Сейдахмет Қарлығаш (Семей қаласы).

3-орын: Амрин Ерсайын (Ақмола облысы), Қанат Ақбота (Есік қаласы), Айтжан Айжан (Алматы қаласы).

Көрермен көзайымдары: Бегимбаев Ержан (Астана қаласы), Жылқыбай Дінмұхаммед (Оңтүстік Қазақстан облысы), Дәуренбекұлы Бекжан (Ақтөбе облысы).

"Әнші-бұлбұлдар" бағыты (өзге ұлттар тобы)

1-орын: Атакеева Махинур (Оңтүстік Қазақстан облысы).

2-орын: Лодочников Алексей (Павлодар облысы).

3-орын: Йылмаз Сүмейе (Өскемен қаласы), Шевченко Алина (Қостанай облысы).

"Тілші әдебиетшілер" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Амангелдиев Азамат (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қалдыбек Фатима (Ақтөбе қаласы).

2-орын: Қыдырбаев Оразбай (Талдықорған қаласы), Балағазинова Айгерім (Павлодар облысы).

3-орын: Құсаинова Инабат (Солтүстік Қазақстан облысы), Тәжібаева Перизат (Қызылорда облысы), Байғабылова Гүлнұр (Батыс Қазақстан облысы).

"Тілші әдебиетшілер" бағыты (өзге ұлттар тобы)

1-орын: Маннопова Озода (Оңтүстік Қазақстан облысы).

2-орын: Сидельников Любим (Қарағанды облысы).

3-орын: Нифталиева Наталья (Павлодар облысы), Зенкова Анастасия (Семей қаласы).

"Сөз шеберлері" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Төке Ерназар (Оңтүстік Қазақстан облысы).

2-орын: Мұңалбай Айгерім (Батыс Қазақстан облысы), Мұсылманбекова Назерке (Жезқазған қаласы), Төлепберген Еламан (Алматы қаласы).

3-орын: Салайдын Мұхаммедали (Астана қаласы), Аңсат Меруерт (Талдықорған қаласы), Аманова Айгерім (Семей қаласы).

"Сөз шеберлері" бағыты (қазақ тобы)

1-орын: Нарметова Насиба (Оңтүстік Қазақстан облысы).

2-орын: Кошелова Сергей (Солтүстік Қазақстан облысы).

3-орын: Амур Дамир (Есік қаласы), Гафурова Надия (Өскемен қаласы).