ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында 300 тоннаға жуық пішен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарма ауданы Үшбиік ауылында орналасқан шаруа қожалығының аумағында пішен отқа оранды.
«Қызыл жалын жалпы салмағы 280 тоннаға жететін 800 орама пішенді шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника, жергілікті атқарушы органнан 5 адам мен 5 трактор және тірек пунктінің бір техникасы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Тарбағатай ауданында 175 тонна пішен өртенгені хабарланған.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.