Жарнамаға түсіп жатқан екі енеке қашып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарнамаға түсіп жатқан екі азиаттық енеке түсіру алаңынан қашып кетті. Reuters хабарлағандай, оқиға 25 наурыз күні Сиднейдің маңында орын алған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, енекелер саябақта жарнама түсіру жұмыстарына қатыстырылған. Түсірілім жұмыстары аяқталмастан, жануарлар ол жерден қашып кеткен. Олар сол көшенің бойымен 2 шақырым жүріп өтіп, автотұраққа келіп аялдаған. Абырой болғанда, енекелердің «жүрісінен» ешкім зардап шеккен жоқ. Жануарларды тауып алғанда олардың абыржығаны байқалып тұрған көрінеді.

Оқиға орнына шақырылған өрт сөндірушілер арнайы техниканың көмегімен тұяқтыларды қолға түсірді. Жануарлар өз үйретушілеріне қашан тапсырылғаны анықталмады. Сондай-ақ, агенттік енекелер қандай тауарды немесе қызметті жарнамалауға тартылғанын да жарияламады.