Белінің тұсынан аздаған жарақат алған ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға 10 тамыз күні шамамен 04:00-де 4А шағын ауданының жағалауында болған. Куәгерлер дереу Ақтау жедел жәрдем станциясының диспетчерлеріне хабарласқан. Зардап шегуші ес-түссіз күйде болған.
«Жедел жәрдем тобы 1979 жылғы ер азаматтың белінің тұсындағы жұмсақ терісінің жарақаттанғанын анықтады. Ол мас болған», - дейді аурухана қызметкерлері.
Зардап шегуші дәрігерлердің бақылауына алынды.