Жартастан секірген спортшы ажал құшты
01:01, 23 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядағы Эрзинджан қаласындағы спорт фестивалі кезінде америкалық спортшы 2500 метрлік биіктіктен секірген.
Бұл сәт ұялы телефонға түсірілген. Ян Фландрия құздан секірген шақта қандай себеп болғаны белгісіз, парашюті ашылмай қалды. Соңынан белгілі болғандай, парашюттің арқан жіптері спортшының аяғына оратылып қалған. 37 жастағы америкалық оқыс оқиға болған жерде мерт болды.