Бұл сәт ұялы телефонға түсірілген. Ян Фландрия құздан секірген шақта қандай себеп болғаны белгісіз, парашюті ашылмай қалды. Соңынан белгілі болғандай, парашюттің арқан жіптері спортшының аяғына оратылып қалған. 37 жастағы америкалық оқыс оқиға болған жерде мерт болды.