- Ішкі жалпы өнімнің көлемінің артуы жоғары экономикалық даму қарқынына байланысты. Жалпы, Армения экономикасының өсімі биыл - 5,6%, ал 2027 жылы 5,8% шамасында болады деп болжап отырмыз. Мәселен, алғашқы жартыжылдықта өсім 6%-ға жетті, - деді Ваге Ованнисян.
Министрдің айтуынша, 2027 жылы мемлекеттік бюджет кірістері - 3,6 трлн драм (шамамен $9,5 млрд), ал шығыстары 4,72 трлн драм ($13 млрд) шамасында болады.
Сонымен қатар келер жылы бюджет тапшылығын 537 млрд драмнан ($1,4 млрд) 468 млрд драмға ($1,2 млрд) дейін қысқарту көзделіп отыр. Осы ретте Ваге Ованнисян экономикалық тәуекелдерін ескере отырып, 2027 жылы мемлекеттік қарыздың ішкі жалпы өнімге шаққандағы үлесі аздап өсетінін де атап өтті.
Еске салсақ, Арменияның Орталық банкі базалық мөлшерлемені 7 пайызға дейін көтерді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Армения үкіметі 2027 жылы бюджет тапшылығын 3,4%-ға дейін төмендетуге ниетті.