Жарты денесі сал болып қалған хирург ота жасауда

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бірнеше жыл бұрын хирург-ортопед Тед Раммел бел омыртқасы жарығынан сал болып қалады. Оның денесінің төменгі бөлігі қозғалыссыз қалса да, ол өзінің сүйікті кәсібінен қол үзбеді. Дәрігер табандылығының арқасында қазір отаның небір қиын түрлерін жасауда, деп жазады 24smi.org.

Тед Раммел алдымен күнделікті арнайы жаттығулар жасаумен айналысқан. Нәтижесінде мүгедектерге арналған орындықтың көмегімен ол өз ісін жалғасыра бастады. Әріптес дәрігерлердің айтуынша, Раммел жарты денесі сал болып қалса да, үздік хирургтардың қатарында екен.