Жарты ғасырда әлемдік орман алқабының 70 пайызы жойылды
09:40, 25 Сәуір 2013
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ғалымдардың зерттеуі бойынша адамзат баласы соңғы 50 жылда әлемдегі ірі балықтардың 90 пайызын, әлемдік орман алқабының 70 пайызын жойған.
Қалған 30 пайыз орман алқабы жылына 5 шаршы миль жылдамдықпен оталып жатыр, деп жазады «Алаш айнасы» басыылымы.
Құстардың барлық түрінің төрттен бірі жарты ғасырда жойылып кетті, қалған 11 пайызы жойылудың алдында тұр. Сүтқоректілердің барлық түрінің 18 пайызына, өсімдіктердің 8 пайызына және балықтардың 5 пайызына жойылу қаупі төнген. «Ғаламдық келеңсіз құбылыс осылай жалғаса берсе, адам баласының өміріне орны толмас нұқсан келеді», - дейді ғалымдар.