Ондаған жәшікке салынған майда ақшалардың салмағы 500 келі шамасында болған, деп хабарлайды 24.kz.
Көлік сатушы менеджер жақын маңдағы банктің көмегіне жүгінбек болғанымен, мұндай мөлшердегі майда ақшаларды мекеме қабылдамай қояды. Ақыры автосалондағы 15 адам екі күн бойы ұсақ ақшаларды санап шыққан. Су жаңа көліктің иесі атанған Пан ұсақ-түйек сатумен айналысқан екен. Ол саудадан түскен табысының шашауын шығармай, 50 мың юаньға (3 млн теңге) жеткізген көрінеді.
12:47, 24 Қаңтар 2016
Жарты тоннаға жуық ұсақ ақша жинап, көлік сатып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Шаньдунь өлкесі Бинжоу қаласында тұратын Пан есімді азамат ұсақ ақшалармен көлік сатып алды. Бұл автосалон қызметкерлерін әжептәуір әбігерге салды.