Жарты жыл бойы тек ешкі сүтін ішкен жасөспірім өлім ауызынан қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық әйел 13 жасқа келген ұлына жарты жыл бойы басқа тамақ бермей, тек ешкі сүтімен ғана тамақтандырып келген. Жасөспірім күн сайын 9 литр сүт ішемін деп, өліп қала жаздады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Осындай қатаң «диетаға» отырған бозбала ауруханаға ішінің түйіліп ауруы салдарынан бүйрегінің жұмыс істеуі күдігімен жеткізілген. Ал анасы баланың «газ баллоннан уланып», содан зардап шекендігін айтқан. Сәл кейінірек сот британдық әйелдің ақыл-есі дұрыс емес екендігін анықтады.

Жеткіншек те, алты ай бойы сүттен басқа тамақ ішпегендігін растап отыр. Сондықтан да елдің әлеуметтік қызметкерлері әйелді емдеуге жіберіп, баланы тәтесінің тәрбиесіне берді.