Жарты жылда Алматыда 4 судья қызметінен босатылды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов журналистермен есептік кездесуде соңғы алты айда Алматы қаласының төрт судьясының жұмыстан босатылғаны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрескел заң бұзғаны үшін Алмалыаудандық №2 сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясыБибігүл Хасанова, Әуезов №2 аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке, Медеуаудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар қызметінен босатылды.

«Медеу аудандық сотының судьясы Нұрлан Бегайдар азаматтық істі қараукезінде заңбұзушылыққа жол берді. Жекетұлғаның Ұлттық Банк алдындағы кепілдік міндеттемелері 25 млрд теңге болатын.Судья оны Ұлттық Банкке бергенкепілдемесі ұзақ уақытқа негізсіз жарамсыз деп таныды»- дейді Алматы қалалықсотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов.

Сондай-ақ, ол судья Надежда Каралуппованың жіберген қателіктерін айтты.

«Заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық істі қарау кезіндеҚашқынбаевтың өтініші бойынша ол өрескел заңбұзушылық жасады», - деді ол

Бибігүл Хасановаға қатысты былайдеді: «М.-ға қатысты азаматтық істі қарау кезінде басқарушы компанияның ЖШС-немүлікті пайдалануға тыйым салу туралы шешім қабылдаған кезде процессуалдықзаңды өрескел бұзу фактісі анықталды. Судья қараудың процедуралық мерзімдерінбұзды», - деп толықтырды Нұрғазы Әбдіқанов.

«Біз мұндай мәселелерді аса үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Дөрекілік, заңбұзушылықтарнемесе негізгі сот этикасына қайшы келетін жағдайлар кездессе, бірден шешуге тырысамыз. Ол солай болуы керек », - деді Алматы қалалықсотының төрағасы.

Соңғы жаңалықтар