«1 қаңтардан бастап профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша жаңа реттеуші саясаттың енгізілуіне байланысты субъектілер әкімшілік жауапқа тартылмайды. Дегенмен бұл ретте әкімшілік практика желісі бойынша жұмыс жоспардан тыс тексерулер мен өрттер кезінде құқық бұзушылықтар болған жағдайларда ғана жалғасады. Бақылау профилактикалық қызмет шеңберінде өртке қарсы жай-күйге 8 201 тексеру жүргізілді. Оның нәтижесінде 69 365 талапқа сәйкес келмеу фактілері анықталды. Олқылыққа жол берген 7 124 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 1 266 лауазымды тұлғаға 57,4 млн теңге айыппұл салынды», - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында жарияланған жарты жыл ішіндегі жұмыстардың есебінде.
Бұған қоса, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау барысында 327 профилактикалық тексеріс жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша 9 мыңнан аса ереже бұзу фактілері анықталып, 292 нысанның қызметі тоқтатылды. Сонымен қоса оларға жалпы сомасы 22,2 млн теңге болатын айыппұл салынған.