Жарты жылда тұрғындардан 120 өтініш қабылдадым - қалалық мәслихат депутаты

АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жарты жыл ішінде тұрғындардан 120 өтініш қабылдадым, деді бүгін Алматыда қалалық мәслихаттың депутаты Абылайхан Саматдинов тұрғындармен есеп беру кездесуінде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         "Жарты жылда қала тұрғындарынан 120 өтініш қабылдап, оның 40-ы бойынша мәселелер өз шешімін тапты.  Менің ойымша, әр депутат тұрғындардан өзіне түскен арыз-шағымдардың 30 пайызын  орындап отырса, мұның өзі қоғамдағы қордаланып қалған бірқатар мәселені шешуге оң ықпалын тигізеді", деді Абылайхан Саматдинов. Оның айтуынша, депутаттар корпусында 37 халық қалаулысы бар. Қала тұрғындары қалалық мәслихатқа хабарласып ондағы 37 депутаттың аты-жөнін біліп алып кез-келген мәселе  бойынша хабарласуына болады. Бұл үшін қысылып-қымтырылудың керегі жоқ. Мәслихатта түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайтын  7 комиссия бар. Тек олардың жұмысы өнімді болу үшін  тұрғындардың өздері әрдайым белсенділік көрсетуі тиіс.