«ЖКО-да 1015 (1167) адам қаза тапты және 10 911 (10 837) адам жараланды. Бұл ретте, қаза болғандардың ең көп саны Алматы - 198 (206), Оңтүстік Қазақстан - 159 (200), Жамбыл - 90 (113), Шығыс Қазақстан - 71 (66), облыстарында және Алматы қаласында - 60 (63) тіркелді», - делінген хабарламада.
2014 жылдың 6 айындағы жол-көлік оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы 8608 ЖКО тіркелген, ал 2013 жылдың тиісті кезеңінде 8462 ЖКО тіркелген болатын.
«Егер әрбір облыс бөлігінде қарайтын болсақ, жол-көлік оқиғаларының көпшілігінің Алматы қ. - 2425 (2013), Оңтүстік Қазақстан - 1408 (1442), Алматы - 799 (695), Шығыс Қазақстан - 580 (617), Жамбыл - 549 (690) облыстарында жасалғаны байқалады», - делінген ақпаратта.
Жасалған ЖКО-ларына жол қозғалысы ережелерін сақтамау, атап айтқанда жылдамдықты арттыру - 2517, жаяу жүргіншілер жолдарынан өту тәртібін бұзу кезінде - 912, қарсы қозғалыс жолына шығу - 624, жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі - 461, көлікті мас күйінде басқару салдарынан - 326, басқа себептерден - 2438 факті орын алып отыр.