Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алматыдағы макроэкономикалық жағдай тұрақты. Қаңтар-маусым айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор осы жылдың бес айымен салыстырғанда 1,1%-ге өсіп, 108,9% болды. Қала экономикасының барлық негізгі салалары тұрақты әрі оң серпінді көрсетті.
Жыл басынан бері өсу қарқыны едәуір ұлғайды:
– өнеркәсіп – 19,8%;
- құрылыс – 24,1%;
- байланыс қызметтері – 13,7%;
- сауда – 6,6%.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 4,9%-ға өсті .1 млн (1003,4) шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 2,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен – 2,5 мың шаршы метр немесе 3266 пәтер салу жоспарда бар.
Инвестициялар өсімі 126,5% (460,7 млрд теңге; қаңтар-мамыр – 355,4 млрд теңге; НКИ – 132,7%) деңгейінде қамтамасыз етілді.
«2021-2025 жылдарға арналған жалпы құны 4,5 трлн теңге болатын 35,4 мың жұмыс орнын құрумен 201 инвестициялық жобадан пул құрылды. 2021 жылы жалпы жобалық құны 314,5 млрд теңгені құрайтын 10 мың жұмыс орнын ашатын 84 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда», – длінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ баға мәселесі де қала басшысының бақылауында. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен өнім көлемі 73 мың тоннадан асатын «айналым» схемасына бағытталған қаражат 8-ден 10 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Базарларда орташа нарықтық бағадан 5-40% төмен бағамен «әлеуметтік дүкендер» ашылды, халықаралық кооперация және өңірлерден азық-түлік жеткізілімдері кеңейтілді.
Негізгі міндет – жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын құру. Мәселен, 6 айда 38,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 15 952 орын - мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде. Жыл соңына дейін барлығы 51,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Жұмыссыздық деңгейі 1 тоқсанда 0,1%-ға төмендеді. Барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалуда.
Қолдау шараларымен 124 мыңға жуық аз қамтылған азамат, көпбалалы аналар, мүгедектер қамтылды. Маусым айында Алматыда әлеуметтік қызмет көрсету үйі ашылды. Онда бірнеше мемлекеттік мекемелердің 776 қызмет түрі көрсетіледі. Биылға арналған жергілікті бюджет әлеуметтік бағдарланған күйінде қалып отыр, оның 40%-дан астамы әлеуметтік салаға (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және спорт) тиесілі.
Бизнестің іскерлік белсенділігін сақтау мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды белсенді іске асыру арқылы шешіледі. ШОБ қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Алматы Бизнес» сияқты бағдарламалар іске асырылуда.
Жыл басынан бері 86 млрд теңгеге 1 мыңнан астам жоба мақұлданды. Қала өнеркәсібінің алдағы болашағы индустриялық аймақтың дамуына байланысты. Жыл соңына дейін онда 37,8 млрд теңгеге тағы 7 жоба іске қосылып, 658 жұмыс орны ашылады.
Шағын кәсіпорындар үшін индустриялық аймақтың аумағында орта есеппен 5 мың шаршы метрден шағын өнеркәсіптік парктер, өндірістік үй-жайлар салынуда. Биыл 3 шағын паркті іске қосу жоспарлануда (500 жұмыс орны және 18,5 мың шаршы метр). «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында жыл басынан бері 8 жобада өндірістік алаңдарды жобалау басталды. Инвестициялардың жалпы сомасы 44,5 млрд теңгені құрайды, 1,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады (аспап жасау саласындағы 4 жоба; фармацевтикада 4 жоба).
Әлеуметтік инфрақұрылымға келетін болсақ, 12,6 мың орынға арналған 8 мемлекеттік мектеп, 1,7 мың орынға арналған 6 және жеке меншік мектеп, 8 263 орынға арналған 17 жапсарлас құрылыстың, сондай-ақ 4 оқу орнының сейсмикалық жағынан күшейту жүргізілуде.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін жыл соңына дейін 3 балабақшаны іске қоса отырып, 640 орындық 4 мемлекеттік балабақша салынып жатыр. Спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін Жетісу, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарында 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында теннис орталығы іске қосылды. Тағы 5 ірі спорт нысанының құрылысы жалғасуда.
Биыл Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына арналған операциялық блогы бар қабылдау бөлімшесінің жаңа корпусын, сондай-ақ жедел әлеуметтік көмек пунктін салу жоспарланған. Сондай-ақ, төрт отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысы қарастырылған.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Шаңырақ» пилоттық жобасы іске қосылса, биыл 872 алматылықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2020 жылдан бастап «Алматы Жастары» бағдарламасы бойынша (жыл сайын 1 мың жастарды қамту) тұрғын үйді бөлу тәсілдері қайта қаралды. Жыл басынан бері 435 отбасы баспаналы болды.
Ескі үйді немесе пәтерді бұзу және жаңаларын салуды көздейтін Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама реновациялауға жататын пәтерлердің меншік иелерінің заттық құқықтарға кепілдік бере отырып, жүз пайыз келісімімен жүзеге асырылады. Жөндеу жобасы 5 жылға есептелген, оның орнына 708 ескі үй (немесе 6 637 пәтер) ауыстырылады, оның орнына жаңа тұрғын үй салынады.