ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, қыркүйектің 21-і күні сағат 16.30-да Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Түрксіб ауданы, Сейфуллин, 67 мекен-жайында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің ауласына жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабар түскен.
Ақпарат алынысымен, тұрғын үйден дереу 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Төтенше жағдайға шұғыл әрекет ету қызметінің 39 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде 16 адам мен 5 техника Алматы қаласы бойынша ТЖД-ның жеке құрамы.
Арнайы шаралардан кейін жарылғыш зат табылмады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.