Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 14 желтоқсан күні 16 сағат 32 минутта Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне, Сарыарқа ауданы Конституция көшесінде орналасқан аталмыш колледжге жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен.
Төтенше жағдайды жоюға дереу ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның шұғыл әрекет ету қызметінің 16 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦРАОСО» Мемлекеттік мекемесінің 5 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» мекемесінің 3 адамы мен 1 техникасы жөнелтілді.
Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады.