Жарылғыш заттар жойылды
08:21, 28 Мамыр 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің қоймасында сақталып келген салмағы 81 килә тротил шашкаларының әрқайсысы 450 грамм болатын 1022 оқ-дәрілер құтысы Қызылорда қаласының сыртына шығарылып, жойылды,
деп хабарлайды ҚаАқпарат тілшісі.Жою процесі мұқият ұйымдастырылды. Тиісті мекемелерден өкілдер шақырылып, жарылғыш заттарды "Арлан" арнайы тобының қызметкерлері алып кетті. Барлық оқ-дәрілер алдын ала құм салынған "КамАЗ" автокөлігіне орналастырылып, Қызылорда ? Жезқазған күрежолының 21-ші шақырымына жеткізілді. Сол жерде 3 метрдей шұңқыр қазылып, жарылғыш заттар өртелді.