Жарылғыш затты іске қосам деп қорқытқан жолаушы салдарынан ұшақ Берлинде қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбіге қараған түнде Краковадан (Польша) Шаннонға (Ирландия) ұшып шыққан Boeing-737 Берлиннің Шенефельд әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады ТАСС.

Оған мас жолаушы себепкер болған. Куәгерлердің айтуынша, ол жарылғыш затты бортқа алып кірдім деген. Бұны естіген соң ұшқыш ұшақты қондыру туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ қонған соң лайнерден 195 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды. Тәртіп сақшылары тыныштықты бұзған адамды ұстады. Одан ешқандай жарылғыш зат табылмады. 4 сағаттан соң ұшақ Шаннонға аттанды.