Жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттары тегін рәсімделуде

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үйжайлары төтенше жағдай кезінде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі.

Баспасөзмәліметтеріне қарағанда, маусым айының соңында болған жарылыс салдарынанбұзылған және зақым келген ғимараттарды жаппай қалпына келтіру және жөндеужұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арыс қаласында жер кадастры жәнежылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтер көлемі күрт өскен. Қазіргі уақыттажоғары сұранысқа ие болып отырған осы қызметтер мемлекеттік корпорациятарапынан тегін көрсетілуде.

«Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етумақсатында Арыс қалалық бөлімшесіне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбылоблыстарынан және Түркістан облысының аудандық бөлімдерінен 25 қызметкерді көмеккежұмылдырды.

Шілдеайының басынан корпорация өз есебінен ақысыз негізде 858 техникалық төлқұжат,3328 меншік иесі туралы мәлімет, 476 жылжымайтын мүліктің техникалықтөлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп,жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателерді түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынғақызмет көрсетті. Ал жалпы есепті мерзімде (24 маусым – 12 тамыз) Арыс қалалықбөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жетті.

Соңғы жаңалықтар