Бұл туралы аймақтағы «ҚазАқпарат» тілшісіне облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Икрам Төлеев айтты.
Дегенмен, екі науқасқа алдағы уақытта ота жасалуы мүмкін.Медицина тілімен айтқанда ол «аутодермопластика» деп аталады. Яғни, терең күйіктің орнын дененің өзге жерінің терісімен жамайды.
Оқыс оқиға, 20 желтоқсан күні болған. «HILL Corporation» ЖШС аумағында май құйып жатқан кезде абайсызда жарылыс болып, сол жерде 25 жастағы оператор жігіт ажал құшқан. Тағы бір жұмысшы ауруханада есін жимастан көз жұмды.
Алмас Сұлтан