Жарыс көрермендеріне өздерімен бірге сусын және лазерлік құрылғылар әкелуге тыйым салынады - Азиада ойындарының ережелері

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Азиада ойындарының жарыстарына келетін көрермендерге өздерімен бірге сусын және лазерлік құрылғылар әкелуге жол берілмейді.

Азиада ойындары өтетін спорттық кешендерге келушілердің тәртіптері нақтыланған уақытша ережелерде осылай делінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатында, ішке шөлмектер, құмыралар немесе банкалар, оның ішінде консерві банкаларын, полиэфирден, шыныдан немесе қатты тым материалдардан жасалған басқа да заттарды, сондай-ақ ТЕТРАПАК қораптарын және лазерлік құрылғыларды алып өтуге жол берілмейді», - делінген Азиаданың ұйымдастыру комитетінің баспасөз орталығы таратқан хабарламада.

Аталмыш уақытша нормалар Азиялық ойындардың жарыстары өтетін барлық спорттық нысандарда қолданылатын ережелерді нақтылап отыр.

Есесіне, көрермендерге сіріңке, қалта оттығын және темекі алып жүруге рұқсат етілген. Басқа тұтанатын, жанатын заттардың бәріне тыйым салынып отыр. «Оған қоса, көрермендерге өздерімен бірге алкоголь, есірткі және уытты заттар алып келуге тыйым салынады. «Және экстремистік мазмұндағы насихат материалдарын» пайдалануға да жол берілмейді», - деп атап көрсетілген хабарламада.