Жарыстың баспасөз-релизі

Жарыстың баспасөз-релизі

  

FIGHT NIGHTS GLOBAL 65

 

 

            Мамырдың 19 жұлдызында  FIGHT NIGHTS GLOBAL өзінің тарихындағы алғашқы аралас жекпе-жегі бойынша жарысын  Қазақстанда өткізгелі жатыр.  Астана қаласындағы FIGHT NIGHTS GLOBAL 65  расында тарихта қалады, өйткені бірден 3 чемпион белдігі сарапқа салынады.

Кештің ең маңызды оқиғасы -  қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен Краснодар күрескері Вартан Асатрян арасындағы аса жеңіл салмақ категориясындағы (57.2 кг)  жекпе-жек.

Жалғас өз  дәрежесін көтеру үшін самбо күресі бойынша Ресей чемпионы Артур Багаутиновқа қарсы жекпе-жекте бар мүмкіндігін көрсетуі керек.  Айта кетерлігі, бұған дейінгі кездесулерде бұрын жеңіліп көрмеген дағыстандық күрескерге мамандар фаворит ретінде қараған, бірақ «Жако» қаһарлы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жұртты таң қалдырды. 

Вартан Асатрян FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының дебютында тәжірибелі  күрескер және грепплинг шебері Микаэль Силандердан айласын асырды. Келесі жекпе-жекте  Әзербайжан өкілі Эльнар Ибрагимовтан үстем болып, жеңіске жетті. Осының арқасында Асатрян чемпиондар жекпе-жегінің қатысу құқығын иеленсе, ал Жалғас үшін төрт жыл бұрынғы жеңілісі үшін Вартаннан  есе қайтаруға мүмкіндік туып отыр. 

Кештің маңызды жекпе-жектерінің бірінде орта салмақтағы (77.1 кг)  чемпион атағы үшін таласта Қазақстан жалауын көтерген  Георгий Кичигин мен Ресей спортшысы Гаджимурад Хирамагомедов бетпе-бет кездеседі.

Георгий Кичигиннің өткен жылдың соңында-ақ FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионы атануға мүмкіндігі бар еді, бірақ оның қарсыласы Магомед Нуров осы салмақ категориясының шеңберіне кіре алмағандықтан, жекпе-жек кейінге қалдырылған болатын.

Аралас жекпе-жек бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған Гаджимурад Хирамагомедов Ирий Изотов пен Гиорги Лобжанидзені нық сеніммен жеңіп шықты. Бұл жетістігі оған басқа қарсыластары арасынан озып шығып,  дәреже үшін жекпе-жекте өзін-өзі көрсету құқығын иемденуге мүмкіндік берді.

19 мамыр күні аралас жекпе-жек жанкүйерлері Ұйымның алғашқы чемпионының есімін біліп,  сонымен қатар 83.9 кг салмақ категориясындағы жеңімпаздытанитын болады. Дәреже үшін жекпе-жек Eagles клубының мүшесі  Абусупиян Алиханов пен «Крепость» клубынан шыққан Халид Муртазалиев арасындағы  өзіндік дағыстандық құнан жарыс сияқты болғалы жатыр.

Жекпе-жек өнерінің екі шебері де бір-бірін жиын-жаттығулар аясында ғана танып отырған жоқ. Абусупиян мен Халид  FIGHT NIGHTS GLOBAL командалық чемпионатының финалында өзара күш сынасқан болатын.  Сол кеште Алиханов өз клубына чемпион атағын алып берген болатын. «Eagles» күрескері баяғы жетісітгін қайталай алар ме, әлде Халид жеке мансабындағы жалғыз жеңілісі үшін кегін қайтарады ма? Мұны көрермендер Қазақстандағы турнир аяқталған соң білетін болады.

Кеш бағдарламасында FIGHT NIGHTS GLOBAL ұйымының аса тәжірибелі спортшыларының қатысып, 10 жекпе-жек өтетіні жоспарланып отыр.  

 

 

 

 Батина Анастасия

PR-manager

79161556436

 

 

 

Press@fightnights.ru