Шара аясында асық ату, арқан тарту сынды қазақ ұлттық ойындары, татардың ұлттық ойыны - «көянтә - чиләк белән йөгерү» (иінағашпен жүгіру), башқұрт халқының «йомортканы ҡалаҡкаhалып йүгереү» (жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру), беларусь халқының картоп егу, тәжіктің «Аспакбози» (ат құлағында ойнау) сияқты ойындарынан жарыстар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ елордалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен шақырылған әртістер өз өнерлерін ортаға салды. Ойынға қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы сияқты шаралар Қазақстанда тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлерін құрметтеуге негізделген ұлттық бірлік пен этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.