Жас босанған әйелдің өлімінен соң перзентханада тексеру басталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда №1 перзентханада жас босанған әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылыоқиға №1 перзентханада 17 шілдеде болған.

Бұл туралы Instagram желісінде қайтысболған әйелдің сіңлісіжазды.

«Суреттеменің әпкем. Дәрігерлердің жауапсыздығынан көз жұмды. №1 перзентханада 17шілдеде түнгі 3-те дәрігерлер кесар тілігін жасады. Өмірге қыз бала келді.Бірақ, анасы өзіне өзі келе алмады. Іші ауырды. Алайда дәрігерлер бәрі жақсы,бұл ауырсыну болады деп сендірді. Біраз уақыттан соң іштен қан кете бастады. Кешкі 5-те онықайтадан операцияға алған. Бірақ кеш болды. Әпкем қайтыс боп кетті. Артында үшбаласы қалды. Біздің қайғымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес», - деді ИсраиловаАльбина.

ҚалалықҚоғамдық денсаулық сақтаубасқармасы қайтыс болған әйелдің жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.

«Перзентханадаболған оқиғаға байланысты кешенді комиссия құрылды. Комиссия құрамынаРеспубликалық ұйымдардың, ҚР ДСМ тауарлар мен қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін қадағалау комитетінің өкілдері енді. Комиссиялық тексеруматериалдары кейін полицияға тапсырылады. Полиция іске құқықтық баға беретін болады»,- деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Бұл мәселеқала әкімдігінің жеке бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар