Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы Саламат Отарбаев атындағы дзюдо Академиясында өткен аттестациялауға 65 жас татами шебері қатысты.
Спорттық шара барысында Қазақстанға еңбегі сіңген, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған әлем чемпионы Максим Раков, қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры қызметіндегі Айбек Имашев , Тұңғыш Олимпиада чемпионы жастар арасында Ерлан Слямбаев және Елдос Ихсангалиев сынды білікті спортшылар жастармен тәжірибесін бөлісті.
Айта кетерлігі, 5-ku аттестациясынан өткен дзюдошылар сары белбеуге ие болады.