АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші күні отандастарымыз екі медаль жеңіп алды, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова (44 кг) күміске қол жеткізсе, Бауыржан Нарбаев (55 кг) қола медальға ие болды. Әлем біріншілігінің бірінші күнінде Қазақстан ұлттық жастар құрамасы 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль саны бойынша 5-орынға жайғасты.
Естеріңізге сала кетсек, кеше Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталған болатын. Әлемнің 83 елінен 600-ге жуық татами шеберлері сынға түсіп жатқан жылдың маңызды додасы қазанның 22-сіне дейін жалғасады. Бұл сында Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғап жатыр.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.