АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркиядан жас дзюдошыларымыз 10 медаль олжалап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркияның Анталия қаласында 4-6 наурыз күндері өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні қазақстандық дзюдошылар 4 қола медальға қол жеткізді.
Олар: Шынтас Серікболсын (81 кг) Сәдуақас Бекарыс (90 кг), Шархан Нұрлыхан ( 90 кг) және Саера Мырзахметова (63 кг).
Естеріңізге сала кетсек, кеше жарыстың алғашқы күні балуандарымыз 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальді иеленген болатын.
Жарыс қорытындысы бойынша ел қоржынына жалпы 10 медаль түсті.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.