Жас ғалымдар тағлымдамадан өтетін шетелдік университеттер тізбесі кеңейтілмек

АСТАНА. KAZINFORM – Ғылым және жоғары білім министрлігі Жас ғалымдар тағлымдамадан өтетін шетелдік университеттер тізбесі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Фото: freepik

- Қазақстан ғалымдары Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын бекітетін тізімге енгізілген жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін жетекші шетелдік ұйымдарда, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өте алады. Оған жетекші университеттер мен халықаралық деңгейде танылған ғылыми орталықтар мен ұйымдар кіреді, - деді министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

2026 жылға арналған тізім Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 168 бұйрығымен бекітілген. Аталған тізімде Аустралияның – 21, Аустрияның – 6, Бельгия Корольдігінің – 3, Бразиялының – 4, Мажарстанның – 1, Ұлыбритания және Солтүстік Ирлания Біріккен Корольдігінің – 65 , Германияның – 21, Дания Корольдігінің – 7, Үндістанның – 9, Израильдің – 1, Ирландияның – 2, Италияның – 25, Канаданың – 13, Қытайдың – 28, Гонконг арнайы әкімшілік ауданының – 7, Макао арнайы әкімшілік ауданының – 1, Малайзияның – 7, Мексиканың – 2, Нидерланд корольдігінің – 14, Жаңа Зеландияның – 4, Норвегия Корольдігінің – 4, Біріккен Араб Әмірліктерінің – 2, Польшаның – 1, Ресейдің – 9, Сингапурдың – 2, АҚШ-тың – 89, Түркияның – 2, Финляндияның – 6, Францияның – 22, Чилидің – 2, Швейцарияның – 19, Швеция Корольдігінің – 11, Кореяның – 13, оңтүстік Африка Республикасының – 3, Жапнияның 11 университеті бар.

- Бұдан әрі ғылыми тағылымдамадан өтуге болатын ұйымдар тізбесін кеңейту жоспарланып отыр. Тізім ғылыми қоғамдастықтың өзекті қажеттіліктерін, заманауи тенденцияларды және ғылымды дамытудың басым бағыттарын, сондай-ақ жаңа ғылыми бағыттар мен перспективалы серіктес ұйымдардың пайда болуын ескере отырып қалыптастырылады,- деді ведомстводан.

Бұған дейін қазақ ғалымдарының әзірлемелері шетелдерде сұранысқа ие болғанын жазған едік.