«Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеу қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырамын», - деді Президент.
12:37, 01 Қыркүйек 2020
«Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізуге 1 мың грант бөлінеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғылым саласын дамытуда тың тәсілдер керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.