Жас ғалымдар Ломоносов атындағы ММУ-дегі конференцияда ШЫҰ-ын дамыту нұсқаларын ұсынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де алғаш рет ШЫҰ-на арналған жастардың ғылыми конференциясы өтеді, онда жас ғалымдар халықаралық ұйымды дамыту нұсқаларын ұсынады, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне шараның ұйымдастырушылары.

«Бұл бірінші тәжірибе. ММУ алғаш рет осындай ғылыми шара өткізіп жатыр», - деді ММУ студенттік одағындағы халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Маргарита Липоватая.

Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, конференцияның мақсаты бірінші кезекте тіл тәжірибесі болады. Бұдан басқа, жас ғалымдар ШЫҰ, заң және экономикалық аспектілерінің аясында өзара қатынастар мәдениетін дамытудағы өз нұсқаларын ұсынып, сондай-ақ бұл бірлестіктің даму үрдісіне болжам жасайтын болады.

Конференция Мәскеу университетінде 3-5 наурыз күндері аралығында өтеді. Оған ШЫҰ елдерінен 200-ге жуық студент, магистр және аспирант қатысады. Конференция жұмысы орыс және қытай тілдерінде жүргізіледі.