Жас хакер үкіметке 60 мың долларға жуық залал келтірген. Ол Монреаль полициясының, Квебек қоғамдық денсаулық институтының, сонымен бірге Чили үкіметі сайттарының кілтін тауып ашып үлгерген. Сонымен қатар, оқушының құпия ақпараттарға кіру жолдарын да меңгергендігі анықталды.
Еске сала кетейік, Anonymous - ғаламтордың толықтай еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күресетін компьютер бұзушылардың ұйымы.