деп хабарлайды «ҚазМұнайГаз» АҚ баспасөз қызметі.
Аталмыш зияткерлік байқау Астана қаласының 9-11 сынып оқушылары арасында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өткізілуде. Шараны «ҚазМұнайГаз» АҚ және KAZENERGY қауымдастығы мектеп жасындағы зерек балалардың кәсiптiк бағдарын айқындау бойынша бiрлескен жұмыс шеңберiнде ұйымдастырып отыр.
«18 қараша күні іріктеуден сүрінбей өткен балалардың электрондық пошталарына «Жас химик» конкурсының басты ережелері және негізгі турларына қатысуға арналған бірқатар тапсырмалар беріледі. Байқау жеңімпаздары естелік сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Мәлім етілгеніндей, жарысқа қатысуға 2011-2012 оқу жылында Назарбаев Университетіне түскен студенттердiң нәтижелерi бойынша жасалған рейтингтің ең жоғары сатыларында орналасқан Астананың 10 орта мектебінің командасы шақырылған.
Командалардың жұмыстарын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Назарбаев Университетінің профессорлары мен докторлары және «Болашақ» стипендиаттары бағалады.
Айта кету керек, байқау қазақ тілінде өткізілуде.