Бұл сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тағайындалған. Биыл аталған әдеби сыйлық төртінші рет табысталады.
Сыйлыққа 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады. Үміткерлер бұрын халықаралық немесе ұлттық байқауларға ұсынылмаған шығармаларын жолдауы тиіс.
Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинация бойынша ғана қатысуға құқылы.
«Президенттің арнаулы әдеби сыйлығы талантты жас қаламгерлерді қолдауға және ұлттық әдебиеттің дамуына серпін беруге бағытталған. Байқауға бұрын ешқандай халықаралық немесе ұлттық конкурсқа ұсынылмаған туындылар қабылданады. Үміткерлер шығармаларын төрт номинацияның бірі бойынша ғана ұсына алады. Биыл әдеби сыйлық төртінші рет табысталмақ», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.
Өтінімдер қағаз және электронды нұсқада қабылданады.
Құжаттарды Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273-кабинет мекенжайына жолдау қажет.
Қосымша ақпаратты 7 (707) 525 24 54, 8 (7172) 740407, 8 (7172) 740384 және 8 (7172) 740408 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.
Айта кетейік, Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткерлердің келесі кезеңі анықталды.