«Құрметті Президент мырза! Бүгінгі күні жұмыртқа өндірісі көлемін арттыруға бағытталған құс фабрикасын жаңғыртудың кезекті кезеңі аяқталды. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды енгізу жұмыртқа жинау және сұрыптау уақытын 3 есе қысқартуға, жылына 250 млн. данаға жеткізуге, бұл ретте еңбек өнімділігін 3 есе арттыруға мүмкіндік береді. Біз өз өнімдерімізді Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткізіп, 15 пайыз өнімімізді Ресей Федерациясына экспортқа шығарамыз. Ал ендігі уақытта жүргізілген жаңғыртудың арасында біз бұл көрсеткішті еселеуді жоспарлап отырмыз», - деді "Жас қанат-2006" ЖШС-ның бас директоры Қайрат Маишев.
Өз кезегінде Елбасы құс еті импортына тәуелділіктен арылудың маңыздылығын атап өте келе, фабриканың алдағы жұмыстарына жетістіктер тіледі.
Айта кетейік, құс фабрикасына республикада баламасы жоқ көп қатарлы тор жабдықтары қойылды. Құны 1 млрд. теңге тұратын жоба аясында жылына 250 млн. жұмыртқа алу жоспарланып отыр. Жаңа жабдық еңбек өнімділігі мен өндіріс қуатын арттырады. Фабрикада тұрақты жұмыс орындары ашылып, Рудный қаласының әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына ықпал етеді.