Байқау ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы және «Азия дауысы» дирекциясы.
«Ең үздік орындаушы» атағына ие болу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас, дарынды әншілеріміз сынға түседі. Елордалық тұрғындарға «жасқанаттықтар» өз өнерін 3 сайыстық кезеңде көрсететін болады. Биыл байқауға еліміздің 10 қаласынан 15 жас әнші қатысатын болады. Алғаш рет сахна төрінде кішігірім болса да, жеңіске лайық Екібастұз, Байқоңыр, Степногор қалаларының өкілдері қабілеттерін паш етеді. Ал елорданың намысын 5 қатысушы қорғайды: Сұлтан Ахмет, Сүлеймен Олжас, Нұрбол Сыдықов, Нұрлан Тукенов, Еркебұлан Тұрмұхамбетов. Ең жас әнші 17 жаста болса, ең үлкені 26-ға толды. Қатысушылардың орташа жасы - 21. Жас әншілер қатаң әділ қазылардың алдында 3 күн бойы өнерін көрсетеді. Ақтық сынға тек 3 үміткер жетеді. Сәйкесінше, олар «алтын», «күміс», «қола» қанаттардың иесі атанады.